Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік министрімен кездесті

    1 / 2

    Доха, 23 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Абдулазиз бен Салих Әл-Хулейфимен кездесу өткізді.

    Мемлекеттік министр Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы жан-жақты серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

    Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, саяси диалогты нығайту, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша өзара іс-қимылды кеңейтуді талқылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі" жаңалықтары