Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы жоғары білікті заңгер кадрларды даярлау жұмысын жандандыруда

    Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы жоғары білікті заңгер кадрларды даярлау жұмысын жандандыруда

    Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға және оқытудың тәжірибеге бағдарланған тәсілін нығайтуға бағытталған магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын жетілдіру жұмысын жалғастыруда.

    Ағымдағы оқу жылында білім алушылар құрамының сапалық тұрғыдан жақсарғаны байқалады. Бұған Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде алғаш рет өткізілген ауқымды кәсіптік бағдар беру науқаны ықпал етті.

    Аталған жұмыс оқуға түсуге үміткерлердің ауқымын едәуір кеңейтіп, заң саласында нақты практикалық тәжірибесі бар мамандарды тартуға мүмкіндік берді.

    Академиядағы білім беру үдерісі теориялық білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға басымдық бере отырып ұйымдастырылған. Магистранттар мен докторанттардың игілігінде ашық криминалистикалық полигон, кітапхана кешені және өзекті электрондық құқықтық дерекқорларға қолжетімділікті қамтитын заманауи инфрақұрылым бар. Ал алған білім мен дағдыларды бекіту соттарда тағылымдамадан өту арқылы қамтамасыз етіледі.

    Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылық құрамды қызметтегі судьялар мен жетекші құқықтанушы ғалымдарды тарту арқылы нығайту жұмысы жүргізілуде. Бұл заң ғылымын құқық қолдану практикасымен тиімді ұштастыруға мүмкіндік береді.

    Білім алушылардың өздері конкурстық іріктеудің ашықтығын, оқуға түсудің барлық кезеңдеріндегі талаптардың түсініктілігін, сондай-ақ кәсіби дамуға кең мүмкіндіктер жасалғанын атап өтуде.

    Аталған шаралар Қазақстан Республикасының сот жүйесін кадрлық және ғылыми қамтамасыз етуге бағытталған Жоғары Сот Кеңесінің стратегиялық бастамаларын жүйелі іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі" жаңалықтары