Сот төрелігі академиясы судья лауазымына кандидаттарға арналған референдиаттың жаңартылған бағдарламасын бастайды

    Сот төрелігі академиясы судья лауазымына кандидаттарға арналған референдиаттың жаңартылған бағдарламасын бастайды

    Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы даму тұжырымдамасын іске асыру және білікті кадрларды даярлау тетіктерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмысты жүзеге асыру шеңберінде 2026 жылғы референдиаттың жаңартылған курсының қорытынды кезеңін өткізетінін хабарлайды.

    2026 жылғы 5-27 қараша аралығында онлайн форматта жалпы ұзақтығы 22 академиялық сағат болатын «Әкімшілік-деликтік құқық және процесс, әкімшілік рәсімдік-процестік құқық нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбында оқыту өткізіледі.

    Оқу бағдарламасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың тапсырмасы бойынша кандидаттардың кәсіби құзыреттеріне қойылатын заманауи талаптарға сәйкес өзектендірілді.

    Жаңартылған модульдер заңнаманы тереңдетіп зерделеуге, оны қолдану дағдыларын дамытуға, сондай-ақ тыңдаушыларды судья лауазымына арналған біліктілік емтиханының жекелеген кезеңдерінен сәтті өтуге сапалы даярлауға бағытталған.

    Оқуға Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.

    Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 3 қарашаға дейін жүзеге асырылады. Оқу курсы аяқталғаннан кейін қатысушыларға тиісті сертификаттар беріледі.

    Бұл бастаманы іске асыру үміткерлердің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және елдің судьялар корпусын сапалы қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі" жаңалықтары