Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының командасы орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» пікірсайыс турнирінде үшінші орынды иеленді

    1 / 3

    Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының командасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» пікірсайыс турнирінде үшінші орынды иеленді.

    18 команда құрамындағы 50 қатысушыны біріктірген сайыс қорытындысы бойынша Кеңес өкілдері талдамалық даярлықтың жоғары деңгейін, қалыптасқан кәсіби пікірталас мәдениетін және тиімді командалық жұмысты көрсетті.

    Пікірсайыс аясында сарапшылар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мәселелерін, оның ішінде мүдделер қақтығысының алдын алу тетіктерін, басшылардың дербес жауапкершілігі институтын, қызметтік әдепті сақтауды, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпалын қарастырды.

    Абай Құнанбайұлының философиялық мұрасына негізделген турнир тұжырымдамасы бастамашылдықты, жоғары кәсібилікті және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұштастыратын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын заманауи талаптарды көрсетеді.

    Команданың табысты өнер көрсетуі Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов жүргізіп отырған қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін жан-жақты қолдау, корпоративтік мәдениетті нығайту және мемлекеттік органның қызметіне инновациялық тәсілдерді енгізу саясатының нәтижесі болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі" жаңалықтары