2026 жылғы 8 қазанда Үржар ауданының әкімі жанындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа бөлімдер мен мекемелердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, шаруа қожалықтарының басшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
- Үржар ауданының мекемелері мен ұйымдарында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру;
- Электрондық еңбек шарттарын жасау;
- Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдер;
- Еңбек қатынастарына қатысты өзге де өзекті мәселелер.
Жиынға Zoom платформасы арқылы онлайн форматта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, мемлекеттік еңбек инспекторы Қайрат Еділұлы Жөкебаев және Мемлекеттік аннуитеттік компанияның Абай облысы бойынша басшысы Асқар Рамазанович Базылов қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сұрақтар қойып, мамандардан тиісті жауаптар мен түсініктемелер алды.
Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/org/abai-enbek/press/media/details/89947?lang=ru









