1 / 3
Профилактикалық бақылау барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары мектеп қызметкерлеріне еңбек заңнамасының нормаларын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін түсіндірді. Кездесу барысында еңбек заңнамасындағы өзгерістер талқыланып, қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар, профилактикалық бақылау аясында қызметкерлердің жұмыс орындары мен мектептің қазандығы тексерілді. Мемлекеттік еңбек инспекторы қазандық қызметкерлерімен арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету, еңбек және демалыс режимін сақтау, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.








