Саран қаласының тұрғыны тіл жанашыры республикалық байқауында қола жүлдегер атанды

    Саран қаласының тұрғыны Береке Жарылғапова «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық байқауда қола жүлдеге ие болды. Ол жарнама мәтіндеріндегі тілдік қателерді анықтап, қазақ тілінің нормаларына сай түзету бағытындағы еңбегімен көзге түсті.

    Саран қаласының тұрғыны тіл жанашыры республикалық байқауында қола жүлдегер атанды

    Береке Жарылғапова – «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Саран қалалық филиалының төрайымы, «Тіл қорғаны» ақпараттық-түсіндіру жұмыс тобының мүшесі. Ол мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен мәртебесін арттыруға бағытталған жұмыстарға белсене араласып, аударма саласында да еңбек етіп келеді. Сонымен қатар облыстағы көрнекі ақпараттың тілдік сапасын зерделеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына енген.

    Саран қаласының тұрғыны тіл жанашыры республикалық байқауында қола жүлдегер атанды

    – Бұрын педагог болып жұмыс істегендіктен, мәтіндегі қателерді түзетуге бейіммін. Бұл – бойыма сіңген кәсіби дағды, – дейді Береке Жарылғапова. – Мәтінді аудару оңай шаруа емес. Көпшілік сөзбе-сөз аударуға тырысады немесе онлайн аудармашылардың көмегіне жүгінеді. Алайда мұндай аударма түпнұсқаның мағынасы мен мазмұнын толық жеткізе бермейді, кейде қазақ тілінің заңдылықтары мен нормаларына да қайшы келеді. Соның салдарынан жарнамаларда тілдік қателер жиі кездеседі. Сондықтан жарнама мәтіндерінің сауатты жазылып, қазақ тілінің табиғи болмысына сай болуына үнемі мән беремін.

    Саран қаласының тұрғыны тіл жанашыры республикалық байқауында қола жүлдегер атанды

    Байқау үш кезеңнен тұрды. Береке Жарылғапова қалалық кезеңде бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Онда екінші орынға ие болып, республикалық сынға қатысуға мүмкіндік алды. Ақтық кезеңде де үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдені жеңіп алды.

    Байқаудың республикалық кезеңінде ол қазылар алқасына тілдік нормаларға сай келмейтін жарнамаларды анықтау бағытында атқарған жұмыстарының нәтижесін таныстырып, қате мәтіндердің түзетілген нұсқаларын ұсынды.

    Саран қаласының тұрғыны тіл жанашыры республикалық байқауында қола жүлдегер атанды

    Биыл байқауға еліміздің әр өңірінен 49 адам қатысты. Олардың арасында өз өнімдерін жарнамалайтын кәсіпкерлермен қатар, жарнама мәтіндеріндегі тілдік қателерді анықтап, оларды түзетуге атсалысып жүрген тіл жанашырлары да бар.

    Қатысушылар байқау бағытына қарай жарнама нысандарының фотосуреттері мен бейнежазбаларын, қазақ тіліндегі авторлық жарнама мәтіндерін немесе жарнамалар мен елді мекендердегі көрнекі ақпараттың тілдік қателерін түзету нәтижелерін көрсететін материалдарды ұсынды. Қазылар алқасы барлығы 900-ге жуық фото және бейнематериалды қарады.

    Қазылар алқасының құрамына жоғары оқу орындарының профессорлары, журналистер, жазушылар, аудармашылар мен қазақ тілі саласының мамандары кірді. Қатысушылардың жұмыстары тіл туралы заңнама талаптарының сақталуы, мәтіндердің сауаттылығы, аударма сапасы және жарнаманың көркемдік безендірілуі тұрғысынан бағаланды.

    «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті жыл сайын ұйымдастырады. Байқаудың мақсаты – бизнес пен қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеру, жарнама мәтіндерінің сауаттылығын арттыру, маңдайшалар мен көрнекі ақпараттың тілдік сапасын жақсарту, сондай-ақ елді мекендердің көрнекі келбетін үйлесімді ету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары