Мақаншы ауданында еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті

    2026 жылғы 7 қазанда Мақаншы ауданы әкімінің орынбасары Әлия Нурушевна Сарбаеваның төрағалығымен Үшжақты әлеуметтік әріптестік, еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

    Жиынға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Еділұлы Жөкебаев Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысты.

    Отырыс барысында еңбек қатынастарын реттеуге қатысты өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

    • Электрондық еңбек шарттарын енгізу барысы;
    • Еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарының сәйкестігі;
    • Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті ақпараттар қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, тиісті шешімдер комиссия отырысының хаттамасына енгізілді.

    Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/org/abai-enbek/press/media/details/89945?lang=ru

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары