Ақсуат ауданында еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырыс өтті

    Ақсуат ауданында еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссия отырыс өтті

    2026 жылдың 30 қыркүйекте Ақсуат ауданында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырысы өткізілді.

    Отырысқа Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары М.С.Қайырбеков, Ақсуат ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Т.Кенжин, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті РММ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Әміртаев Темірлан Бауыржанұлы қатысты.

    Күн тәртібінде:

    • өндірістік кәсіпорындарда жазатайым оқиғаларды болдырмаудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін сақтау;
    • кәсіпорындарда және мемлекеттік мекемелерде еңбекақыдан берешектің болмауы;
    • кәсіпорындар бойынша әлеуметтік аударымдардың болмауына байланысты сәйкессіздік және еңбек шарттарының болмауына байланысты сәйкессіздік.

    Аталған сұрақтар бойынша мәселелер талқыланып, тиісті кәсіпорындарға жұмыс жасау үшін тапсырмалар берілді.

    Бейнеролик сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/media/details/89327?lang=kk

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары