
ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ауыл әкімі Б. Алғазиев аудандық әлеуметтік бөлім басшыларымен бірге ауылымыздың тұрғыны, Социалистік Еңбек Ері, елге еңбегі сіңген ардақты жан Рахилям Сеитованы арнайы барып құттықтады.
Ақ жаулықты анамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен бақ-береке тілеп, мерекелік сый-сияпат табыстады.
Рахилям Сеитова – маңдай терімен елге қызмет етіп, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол қалдырған ардақты тұлға. Оның өмір жолы мен қажырлы еңбегі – жастарға үлгі, ауылымыз үшін мақтаныш.
Қарияларымызды ардақтап, олардың ақ батасы мен өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамыздың парызымыз.
Құрметті қариялар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге қуаныш, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!








