1 / 9
2026 жылғы 15 қазанда Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Жиында өңірдегі бірінші және екінші санаттағы су айдындарын, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын күтіп-ұстауға қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Кездесу барысында су айдындары мен қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру орындарының тиісті санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы мәселелері талқыланды.
Негізгі баяндамаларды коммуналдық нысандарды бақылау бөлімінің басшысы Р.В. Ланочкин жасады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері пікір алмасып, өзекті мәселелерді ортаға салды және оларды бірлесіп шешу жолдарын талқылады.
Жиындарда ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, қоршаған орта қауіпсіздігі мен халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін нысандардың тиісті санитариялық жай-күйін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар көтерілген мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын талқылап, әрбір мемлекеттік орган мен ұйымның өз құзыреті шегінде бірлесіп жұмыс істеуінің маңызын атап өтті.
Мұндай іс-шаралар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Ақмола облысында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.









