Қостанай облысында әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың жаңа тәсілдері талқыланды
2026 жылғы 15 қазанда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын тағайындаудың жаңа тәсілдері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске облыстың қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және ішкі саясат бөлімдерінің, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тәжірибеде жаңа тәсілдерді біркелкі қолдануға, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыруға және азаматтар үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.









