Полиция жұмысының басты өлшемі – азаматтардың сенімі

    -Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Павлодар облысының аумағында ағымдағы жылдың 16–17 қазан күндері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – жол-көлікоқиғаларының алдын алу және ашықтық қағидатын нығайту, деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
    Тікелей эфир барысында полиция қызметкерлері интернет-аудиторияның әкімшілік тәжірибе, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді алу және полиция органдарының қызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді.
    Түскен сұрақтар әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Атап айтқанда: «Әкімшілік жауапкершілік қай жастан басталады?», «Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған адам полицияға жұмысқа орналаса ала ма?», «Автокөлікті әлдеқашан сатқан болсам да, оған салық әлі де келіп жатса, қайда жүгінуім керек?», «Көршілер күндіз қатты музыка тыңдаса, қандай шара қолдануға болады?» деген сауалдар қойылды.
    Жазылушылардың әрбір өтінішіне толық әрі жан-жақты жауап берілді.
    Instagram әлеуметтік желісінің көптеген қолданушысы өз ұсыныстарын білдіріп, полиция қызметкерлерінің жұмысына алғыс айтты.
    Тәжірибе көрсеткендей, мұндай акция азаматтарға көмек көрсетудің тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.Өйткені халықпен кері байланыс орнату – полиция ведомствосының барлық бөлімшелері үшін маңызды міндет.
    Полиция жұмысының басты басымдықтарының бірі – онлайн форматта келіп түскен хабарламаларды қосаалғанда, барлық өтініштер мен хабарламаларға жедел ден қою, деп атап өтті государственный орган өкілдері.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары