САУМАЛКӨЛ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ: ЖАҢА АЛАҢДАР МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ!

    1 / 5
    16 қазанда Айыртау ауданы әкімдігінің кіші залында Саумалкөл ауылын абаттандыру бағытындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Володар ауылдық округінің әкімі Данияр Бестаев пен «Сокол» балаларды сауықтыру орталығының жетекшісі Дина Нұрмұқанова қол қойды.
    Бірлескен жұмыстың алғашқы нәтижелерінің бірі — Саумалкөл ауылындағы Панфилов көшесінің бойында, агротехникалық колледждің маңында шағын футбол алаңының жабдықталуы. Ал алаңның жанында агротехникалық колледждің оқытушылары мен студенттері балалар ойын алаңын орнатып, оның аумағын абаттандырды. Енді жергілікті балалар мен студенттердің белсенді демалысына, ойын ойнап, спортпен шұғылдануына арналған жаңа орын пайда болды.
    Алаңның ашылуы аясында көшет отырғызу рәсімі де өтті.
    Іс-шараға Айыртау ауданының әкімі Мейрам Мендыбаев, «Сокол» балаларды сауықтыру орталығының жетекшісі Дина Нұрмұқанова, Володар ауылдық округінің әкімі Данияр Бестаев, агротехникалық колледждің директоры Берік Жанахметов, аудандық мәслихат төрағасы Гүлмира Әбілқайырова және ауыл тұрғындары қатысты.
    Салтанатты шараның ресми бөлімі достық футбол матчымен жалғасты.
    Ең бастысы, абаттандыру жұмыстары бір ғана жобамен шектелмейді! Қол қойылған меморандум аудан орталығының көркін жақсарту бағытындағы бірлескен жұмыстарды жыл сайын жалғастыруды көздейді.
    Көркейген Саумалкөл — ортақ еңбектің нәтижесі!Осындай игі бастамалар туған ауылымыздың ажарын ашып, тұрғындардың демалуына, спортпен айналысуына және жас ұрпақтың дамуына жаңа мүмкіндіктер береді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары