Санитариялық бақылау цифрлық форматқа көшуде: есептілік уақыты қысқарды

    2026 жылғы 14 қазанда Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Серік Омарханов санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласын цифрландыру нәтижелері туралы брифинг өткізді.
    Бүгінде e-sen.kz платформасы бақылаудағы нысандар туралы мәліметтерді жүйелеуге, кәсіпкерлермен электрондық форматта өзара іс-қимыл жасауға және санитариялық талаптардың сақталуын бақылауға мүмкіндік береді. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша есептілікті қолмен өңдеу көлемі 23,8%-ға қысқарып, электрондық есептілік көлемі 47,7%-ға артқан. Кәсіпкерлерге ұсынымдар дайындау уақыты екі күннен 15 минутқа дейін, ал бақылау нысаны туралы ақпарат алу мерзімі үш күннен бір сағатқа дейін қысқарды.
    Цифрландыру профилактикалық егулерді есепке алу мен жұқпалы ауруларды бақылауды да қамтиды. 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанда халықты вакцинациялау және вакциналардың қозғалысы бойынша электрондық есептілік толық енгізілді. Бұл иммундау көрсеткіштерін бақылауға және екпемен қамту деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, электрондық жүйелер жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың таралу динамикасын бақылауға қолданылады.
    Цифрлық шешімдерді енгізудің басты мақсаты – санитариялық тәуекелдерді уақтылы анықтау, бақылау шараларының тиімділігін арттыру және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары