Тұмауға қарсы вакцинация – аурудың алдын алудың тиімді жолы

    Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұмау ауруы маусымдық өршитін кезеңде оған қарсы вакцинациядан уақтылы өтудің маңыздылығын еске салады.
    Вакцинация – тұмаудың алдын алудың, аурудың ауыр өту және асқыну қаупін төмендетудің тиімді тәсілдерінің бірі. Әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және созылмалы аурулары бар азаматтарға инфекциядан қорғануға ерекше көңіл бөлу қажет.
    Вакцина алғаннан кейін иммунитеттің қалыптасуына шамамен екі апта уақыт қажет. Сондықтан екпені вирус кеңінен таралмай тұрып, алдын ала алған жөн.
    Департамент облыс тұрғындарын тұмауға қарсы вакцинациядан уақтылы өтуге және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары