«Белсенді өмір – бақытты ғұмыр» – шаттық пен шабытқа толы мереке!

    Аудандық мәдениет үйінде «Белсенді өмір – бақытты ғұмыр» белсенді ұзақ өмір сүру орталығының Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай есеп беру концерті өтті.

    Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары К.Байдрахманов қатысып, жиналған қауымға жүрекжарды тілегін жеткізді. Сондай-ақ, қоғам өміріне белсене араласып, өнегелі істерімен үлгі болып жүрген бірқатар ардақты аталар мен ақ жаулықты әжелерге аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстап, еңбектеріне лайықты құрмет көрсетті.

    Концерт барысында өнерді өміріне серік еткен аға буын өкілдері әннен шашу шашып, мың бұрала би билеген әжелер, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір өнер көрсетілімінен өмірге деген құштарлық, жүрек жылуы мен жан сұлулығы сезілді.

    Ақыл-парасатымен ұрпаққа өнеге, өнерімен ортаға сән беріп жүрген ардақты жандардың басын қосқан бұл мерекелік кеш жүректерге қуаныш ұялатып, ізгілік пен сыйластықтың шынайы көрінісіне айналды.

    Белсенді өмір – жасқа қарамайтын жігердің, өмірге деген сүйіспеншіліктің белгісі. Әрдайым жүздеріңізден күлкі, жүректеріңізден жылулық кетпесін! Ғұмырларыңыз шаттыққа, күндеріңіз қуанышқа толы болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары