Қарағандыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

    Қарағандыда 19 қазаннан бастап тестілеу режимінде №24 жаңа автобус бағыты жұмыс істей бастайды. Шешім тұрғындардың өтініштеріне байланысты қабылданды және № 21 мектеп оқушылары үшін көліктік қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.

    Қарағандыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

    Автобустар теміржол вокзалынан Бұқар жырау даңғылымен Төлепов көшесіне бұрылады.

    Қарағандыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

    Әрі қарай маршрут Моторная, Заводская және Жилстроевская көшелерімен, содан кейін Степная көшелерімен өтеді. Соңғы нүкте Дубовскаядағы "Достар" кафесінің алдындағы аялдама болады.

    Қарағандыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

    Жұмыс күндері маршрутта төрт автобус жұмыс істейді деп жоспарлануда. Қозғалыс аралығы 15 минутты құрайды. Жолаушылар автобустардың орналасқан жерін ОNAY! мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады.

    Сонымен қатар, тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша №02 автобус маршрутының бұрыңғы қозғалыс сызбасы қалпына келтірілетін болады. Автобустар тағы да "ДСК" және "Строительная к-сі" аялдамалары арқылы жүретін болады.

    Қарағанды әкімдігінің ақпараты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары