Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    1974 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы электр стансасында ауқымды реконструкция жүргізіліп жатыр. Жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылған жабдықтар ескіргендіктен, олардың орнына заманауи, сенімді әрі қауіпсіз құрылғылар орнатылуда.

    Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    Жұмыстарды «Қарағанды Жарық» компаниясы 2024–2027 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама аясында жүзеге асырып жатыр.

    Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    Қазіргі уақытта жабық тарату құрылғысына арналған жаңа ғимарат салынып, 110 кВ кернеуге арналған ашық тарату құрылғысы жаңартылды. Сондай-ақ күштік трансформаторлар мен қосалқы жабдықтар орнатылып, қосалқы стансаның аумағы ретке келтірілді.

    Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    Қазір «Қарағанды Жарық» мамандары кабельдік науаларды төсеу, қоршау орнату, қорғаныс және басқару жүйелерін қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

    Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    Қосалқы стансаны жаңғырту жұмыстары 2027 жылы аяқталады деп жоспарланған.

    Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    Содан кейін тұтынушылар кезең-кезеңімен жаңартылған нысанға қосылады.

    Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    Бүгінде «Федоровка» қосалқы стансасы 4 мыңнан астам тұрғын мен 200-ден астам ұйымды электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Сондықтан оны жаңарту осы нысаннан қуат алатын барлық тұтынушы үшін маңызды.

    Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    Реконструкцияның басты мақсаты – апат салдарынан электр энергиясының ажыратылу қаупін азайтып, тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру.

    Қарағандыдағы «Федоровка» қосалқы стансасы жарты ғасырдан кейін алғаш рет жаңартылып жатыр

    Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары