Ақтөбе облысында инженерлік желілерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

    Биыл өңірде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту ұлттық жобасы аясында жалпы құны 30,2 млрд теңгені құрайтын20 жоба іске асырылып жатыр. Оның 14-і бойынша мердігерлер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

    Қалған жобалар бойынша дайындық шаралары жалғасуда.

    Жобалар аясында сумен жабдықтау, кәріз, жылу және электр желілерін жаңғырту көзделген. Негізгі міндет – инженерлік желілердің тозу деңгейін кезең-кезеңімен төмендетіп, олардың сенімділігі мен тұрақты жұмысын қамтамасыз ету.

    Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаевтың айтуынша, инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары алдағы жылы да жалғасады.

    «Инженерлік желілерді жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз коммуналдық қызметпен қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі. Биыл 20 жобаны іске асыру жоспарланса, келесі жылға жалпы құны 30,4 млрд теңгені құрайтын тағы 14 жоба қалыптастырылды. Қазірдің өзінде оларды жүзеге асыруға қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде», – деді Арысұлан Айтбаев.

    Келесі жылға жоспарланған жобаларды алдын ала пысықтау инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын үздіксіз жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте инженерлік желілердің жай-күйін жақсарту, олардың сенімділігін арттыру және коммуналдық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі басымдық болып қала береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары