Қарағандыда жетекші әлемдік өндірушілердің техникасы жөнделеді

    Қарағандыда Central Asia Mining SERVICES (CAMS) компаниясы тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету және қалпына келтіру зауытын ашты. Енді тау-кен кәсіпорындары техниканың қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, жергілікті жерде жөндей алады.

    Қарағандыда жетекші әлемдік өндірушілердің техникасы жөнделеді

    Зауытта заманауи диагностикалық стендтер орнатылып, жоғары білікті мамандар тобы жиналды. Компания Caterpillar, Epiroc, Sandvik, Volvo сияқты әлемдік көшбасшылардың техникасымен жұмыс істейді және осы өндірушілердің түпнұсқа қосалқы бөлшектерін жеткізеді.

    Қарағандыда жетекші әлемдік өндірушілердің техникасы жөнделеді

    Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Молдакәрімов кәсіпорынның ашылуы тау-кен өндіру саласының сервистік инфрақұрылымын нығайтатынын атап өтті.

    – Біз үшін қазіргі заманғы өндірістік құзыреттермен қатар зауыт мамандарды оқыту мен даярлауды, оның ішінде жергілікті колледждермен бірлесіп дамытатыны маңызды. Мұндай жобаларды дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірде заманауи өнеркәсіптік экожүйені қалыптастыруға ықпал етеді. Біз Қарағанды облысының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтатын инвестициялар мен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделіміз, – дейді ол.

    Қарағандыда жетекші әлемдік өндірушілердің техникасы жөнделеді

    CAMS бас директоры Шолпан Медельбекованың айтуынша, қазақстандық нарықта пайдаланылған тау-кен техникасына кәсіби қызмет көрсету әлі жеткілікті дамымаған.

    – Нарықта қымбат ресми дилерлік қызмет пен стихиялық жеке қызметтер арасындағы алшақтықты жабуға және тау-кен компанияларының операциялық тиімділігін арттыруға қабілетті байыпты қызмет көрсететін компанияға қажеттілік бар, – деп түсіндірді компания басшысы.

    Зауыт жанынан cams Training Center оқу орталығы ашылды. Мұнда мамандар үшін шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізіледі. Алғашқы оқу бағдарламасын Мароккодан келген халықаралық сарапшы жүргізеді.

    Компания Қарағанды жоғары политехникалық колледжімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Студенттер кәсіпорында өндірістік тәжірибеден өте алады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары