Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Оймауыт ауылына жұмыс сапарымен барып, елді мекенде салынып жатқан бірқатар нысандардың жұмыс барысымен танысты.
🔹Аудан басшысы алдымен 150 орындық мектеп-балабақшаның құрылыс барысымен танысты.
Ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған нысанның құрылысы облыстық бюджеттен қайта қаржыландырып, қазіргі таңда жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарын «SG Kurylys» ЖШС атқаруда.
Жоба құны - 1 млрд 156 млн теңге. Жоба ауыспалы, 2027 жылы пайдалануға берілмек.
🔹Сонымен қатар аудан әкімі жеке салынып жатқан ветеринарлық пункттің құрылысымен танысты. Жаңа нысанда арнайы зертхана мен мал қабылдау, егу алаңы қарастырылған.
Бұл ауылдағы ветеринариялық қызметтің сапасын арттыруға және мал ауруларының алдын алу шараларын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
🔹Жұмыс сапары барысында аудан басшысы ауылдық өрт сөндіру бекетінің жаңа ғимаратында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының жай-күйімен де танысты. Жаңа ғимарат бекет қызметкерлерінің күшімен салынуда. Бұл елді мекендегі өрт қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
🔹Сапар қорытындысында аудан әкімі жауапты тұлғалар мен мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.
АУДАН ӘКІМІ ОЙМАУЫТ АУЫЛЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
1 / 5
Ұқсас материалдар

Ақтөбеде ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевтың ескерткіш-мүсіні ашылды
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасыАшу
Қазақстан құрамасы Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиадасына сәтті қатысты
Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіАшу
Алматыда этномәдени туризмнің жаңа үлгісі – «Қазақтың тойлы кеші» жобасы таныстырылады
Алматы қаласының әкімдігіАшу
Криминалистика және жаңа технологиялар: ШҚО студенттері полиция жұмысымен танысты
ҚР ІІМАшу
Жас маманға қолдау – сапалы білімнің негізі
"Павлодар облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіАшу
"Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Ақтөбеде ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевтың ескерткіш-мүсіні ашылды
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ұрпақтарына құрмет көрсетті
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
Қарауылкелді ауылында жаңғыртылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
13 қазаннан бастап республикалық маңызы бар автожолында орташа жылдамдықты бақылау іске қосылды
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
АУДАНДА ҚАРЖЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу