Ақмола облысында кәсіби мереке қарсаңында үздік құтқарушылар анықталды

    1 / 13

    Құтқарушылар күні қарсаңында Ақмола облысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлері арасында финалдық жарыстар өтті. Спорттық сайысқа алдын ала өткен аймақтық кезеңдерде үздік нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алған командалар қатысты.

    Финалдық жарыс Көкшетау қаласындағы триатлон мектебінің базасында ұйымдастырылды. Үздік атану үшін төрт команда бақ сынап, өздерінің дене дайындығын, төзімділігін, күш-қуатын және командалық бірлігін көрсетті.

    Қатысушылар үш спорт түрі бойынша сынға түсті: футзал, 50 метр қашықтыққа жүзу және армрестлинг. Жеңімпаз командалардың барлық сайыс түрлері бойынша жинаған ұпайларының жалпы қорытындысы бойынша анықталды.

    Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті аппаратының командасы иеленді. Екінші орын Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің командасына бұйырды. Ал жарыстың жеңімпазы Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының командасы атанды.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Мұндай жарыстарды өткізу командалық рухты нығайтуға, дене дайындығын жетілдіруге және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғары ұстауға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары