Құтқарушылар аллеясында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі өтті

    1 / 7

    Кәсіби мереке қарсаңында «Құтқарушылар аллеясында» азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

    Ақмолалық құтқарушылар қатарына 16 қызметкер қосылды. Олар Ақмола облысының әртүрлі аудандарындағы бөлімшелерде қызмет атқаратын болады.

    Іс-шара салтанатты сап түзуден басталды. Ант қабылдау рәсімі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардан қорғау жолында жауапты қызметті таңдаған жас қызметкерлердің кәсіби өміріндегі маңызды кезеңге айналды.

    Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ренат Валишанов қызметкерлерді айтулы оқиғамен құттықтады. Ол азаматтық қорғау органдарындағы қызмет жоғары жауапкершілікті, тәртіпті, батылдықты және кез келген сәтте адамдарға көмек көрсетуге дайын болуды талап ететінін атап өтті.

    Салтанатты рәсімнен кейін жеке құрамның саптық байқауы өткізіліп, қысқы киім нысанына көшу жүзеге асырылды. Байқау барысында қызметкерлердің сыртқы келбеті мен қысқы кезеңде қызмет атқаруға дайындығы тексерілді.

    Жаңа қызметкерлер үшін ант қабылдау кәсіби жолдың бастауы болды. Бұл жол — қызметтік борышқа адалдықты, жанқиярлық еңбекке дайындықты және азаматтардың қауіпсіздігі жолында қызмет етуді талап етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары