ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНДА АМЕРИКАЛЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    1 / 6
    «ҚазМұнайГаз-Аэро» америкалық National Airlines әуе компаниясымен келісім жасасып, ұшақтарға жанармай құю қызметін көрсете бастады.
    Алғашқы рейс 16 қазанда Түркістан халықаралық әуежайында жүзеге асты. Гонконг – Түркістан – Амстердам бағытымен ұшқан Boeing 777 жүк ұшағына жанармай құйылды.
    Келісім Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент және Түркістан әуежайларын қамтиды. Бұл халықаралық жүк тасымалын дамытуға және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
    Қазіргі таңда «ҚазМұнайГаз-Аэро» 50-ге жуық шетелдік әуе тасымалдаушысына қызмет көрсетеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары