«ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ: ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ҚОЛДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу: Ерте анықтау және тиімді қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел

    Жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау, өмірге деген құндылықтарын нығайту және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу: ерте анықтау және тиімді қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шара барысында суицидтік қауіптің ерте белгілерін анықтау, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына назар аудару және оларға дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, сенімді қарым-қатынас орнату және ата-аналар, педагогтар мен психологтар арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы аталды.

    Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге көрсетілетін психологиялық көмектің тиімділігін арттыру, алдын алу шараларын жетілдіру және балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

    Әрбір бала тыңдауға, түсіністікке және қолдауға лайық. Балаға қолдау көрсету – оның болашағына қамқорлық жасау!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасы" КММ" жаңалықтары