Неліктен полицейлер граффитиді бояп өшіреді?

    Егер қабырғада бояу баллонымен жазуды өшіріп жүрген полицейді көрсеңіз, біліңіз: ол есірткі жарнамасын жойып жатыр.

    Мұндай жазулар жай ғана сурет емес. Олардың артында есірткі тарататын интернет-ресурстарға апаратын сілтемелер жасырынуы мүмкін. Бұл жарнамалар баршаға, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерге де көзге түседі.

    Абай облысында есірткіге қатысты граффитилерді жою жұмыстары кең көлемде жалғасуда. Қыркүйек айынан бері осындай 200-ден астам жазу бояумен өшірілді.

    Бұл жұмысқа полицейлермен қатар облыстық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері, ата-аналар комитеттерінің мүшелері, волонтерлер мен студенттер де қатысуда.

    Жастар есірткінің таралуына қарсы күреске өз үлестерін қосуда. Өйткені нашақорлық денсаулыққа зиян келтіріп, отбасыларды ойрандап, болашаққа құрылған жоспарларды бұзады.

    Есірткі сататын интернет-ресурсқа сілтемесі бар күмәнді жазуды көрдіңіз бе? Мекенжайын көрсетіп, «102» нөміріне хабарлаңыз. Сіздің қырағылығыңыз біреудің өмірін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары