Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
Бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш беруші нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне жүгінеді.
Мүгедектік белгілеген кезде көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша "Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметі "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш ұсыну Заңға сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындау кезінде талап етілмейді.
Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің жәрдемақы тағайындауға жүгінген күнінен бастап бірінші топтағы мүгедектігі белгіленген барлық кезеңге, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған жағдайда – қылмыстық жаза мерзімінің соңына дейін тағайындалады.
Жүгіну күні өтініш берген күн болып есептеледі.
Күтім жасайтын адам ауысқан жағдайда жәрдемақы ауысу күніне дейін төленеді.
Егер бірінші топтағы мүгедектігі бар адам ес-түссіз күйде болуына байланысты келісім беруге қабілетсіз болса, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін жақын туысының немесе жұбайының (зайыбының) өтініші негіз болып табылады.
Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға "Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш берушінің және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның күтімін жасайтын адам болып айқындалған адамның жеке басын куәландыратын және тұрғылықты жері бойынша тіркелуі бойынша мәліметтер (күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адамның және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның бір қала және (немесе) аудан шегінде тұру, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болу фактісін растау үшін), сонымен қатар банк шотының нөмірі туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алынады.
Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін бірінші топ мүгедектігі бар адамға қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжатты, сондай-ақ бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мүгедектігі туралы анықтамаларды, психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің жоқтығы туралы мәліметтерді, күтім жасайтын адам ретінде айқындалған адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болғандығы туралы мәліметтерді ұсыну және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның көрсетілген құжаттардағы ақпаратты растау кезінде банкт шоттың нөмірі туралы мәліметтер талап етілмейді, мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның цифрлық жүйелеріне сұрау салуларға сәйкес.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі "Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.









