Дрондар СҚО жолдарындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға көмектеседі

    Ұшқышсыз ұшу аппараттары полицейлерге жол қозғалысы ережелерін әуеден, көлік ағынында және кейбір жүргізушілер стационарлық бейнебақылау камералары жоқ жерде тәртіп сақшылары байқамайды деп ойлайтын учаскелерде бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

    Петропавл маңында дронның көмегімен қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізген 59 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі анықталды. Оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Полицейлер қауіпсіздік талаптарын елемеуге болмайтынын еске салады.

    Цифрландыру және жасанды интеллект жылы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұшқышсыз авиациялық жүйелерді қолдану аясын едәуір кеңейтті. Олар көбіне жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтау үшін пайдаланылады. Жыл басынан бері осындай 286 дерек тіркелді. Бұдан бөлек, дрондар хабар-ошарсыз кеткен адамдар мен жоғалған малды іздеуге, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға қолданылады.

    Қазіргі уақытта СҚО ПД-де 30-ға жуық дрон бар. Оларды арнайы даярлықтан өткен полиция қызметкерлері басқарады. Заманауи техника оқиғаларға жедел ден қоюға, күрделі учаскелерде жол жағдайын әуеден бақылауға және өңірдегі қоғамдық тәртіпті тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары