ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ 15 ҚАЗАНДА БАСТАЛАДЫ

    1 / 3
    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтап, жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне бірқатар нақты тапсырма берді.
    Облыста жылыту маусымын 15 қазан мен 1 қараша аралығында бастау жоспарланып отыр. Биыл өңірдің жылыту маусымына қажетті көмір көлемі 532,5 мың тоннаны құрайды. Бүгінге дейін оның 299,9 мың тоннасы жеткізіліп, қамту деңгейі 56 пайызға жетті. Өткен аптамен салыстырғанда жеткізілген көмір көлемі 25 мың тоннаға артқан. Сонымен қатар 26 кәсіпкерлік субъектісінің қоймаларында 60,1 мың тоннаға жуық көмір қоры бар.
    Облыстық бюджеттік мекемелерді көмірмен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Білім беру нысандарының көмірмен қамтылуы 98 пайызды құрайды.
    Жеке тұрғындарға жылыту маусымына 176 мың тонна көмір қажет. Қазіргі таңда 146,1 мың тоннасы жеткізіліп, қамту деңгейі 83 пайызды құрады. Ал жылыжайларға қажетті 271,2 мың тонна көмірдің 70,1 мың тоннасы жеткізілген. Бұл жалпы қажеттіліктің 26 пайызына тең.
    Мәжілісте облыс әкімі білім беру нысандарына көмір жеткізуді жеделдетуді, аудандарда тұрғындардың көмірмен қамтылу деңгейін арттыруды тапсырды.
    Жауапты басшыларға жылыту маусымы басталғанға дейін көмір қорын қалыптастыру және жеткізу мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау керектігін ескертті.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары