Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    1 / 2

    Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

    Түркістан қаласында өңірдегі ірі медициналық нысандардың бірі - 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы аяқталуға жақын.

    Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу деңгейі 86%-ға жетті. Медициналық кешенді 2027 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарланған.

    Жаңа аурухана 15,6 гектар аумақта орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 83 мың шаршы метрден асады.

    Аталған нысан өңір тұрғындарына медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ықпал етпек.

    Бүгінде Түркістан облысында медициналық нысандарды жаңғырту және салу жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Өткен жылы өңірде 35 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілсе, қазіргі уақытта тағы 21 нысанның құрылысы жүргізілуде.

    Жаңа аурухананың іске қосылуы өңір тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары