1 / 3
29 қыркүйек күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде “Әжелер салған-әрлі өнер” атты шеберлік сағаты өткізілді.
Шеберлік сағатында Қазақ халқының қолөнерінде ши тоқу ,оларға түрлі-түсті боялуармен орауды және өрнектеп безендіру ісінің қыр-сырын білетін Күміс Қосайқызы өзінің анасынан алған тәлім тәрбиесін айта отырып, көрермендерге өзінің ши тоқу өнерін көрсетті.
Сонымен қатар, аталған шеберлік сағатына көрермендер болып Маңғыстау туризм колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Көрермендер Күміс Қосайқызының нұсқауларымен өз қолдарымен жүн түту, ұршық иіру, ши тоқу және кесте тігуді үйренді.
Шараны өткізудің негізгі мақсаты ұлттық қолөнерді дәріптеу, насихаттау және жастар арасында ұлттық өнерге деген құрметті қалыптастыру болып табылады.









