2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық

    1 / 6

    Қостанай облысы әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері қаралды.

    Қостанай облысының әкімдігінде өңір басшысының төрағалығымен 2027 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

    Кеңес барысында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, «Қазгидромет» РМК филиалының басшысы және Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясының басшысы баяндама жасады.

    Негізгі назар су тасқыны қаупін бағалауға, гидрологиялық жағдайды болжауға, су шаруашылығы нысандарының жай-күйіне және су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыруға аударылды.

    Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл, күштер мен құралдардың жедел ден қоюға дайындығы және елді мекендерді ықтимал су басудан қорғау бойынша уақтылы шаралар қабылдау мәселелері қаралды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары