Аққулы ауданы Шәмші жалпы бастауыш білім беру мектебінің оқушылары мен ата-аналары қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шығармашылық бастамаларға белсенді қатысуда.
Осындай ерекше жобалардың бірі — Саттарова Айдана Бекмұратқызы мен балаларының бірлесіп дайындаған «Эко wow» атты жұмысы.
Жобаға анасы Саттарова Айдана Бекмұратқызы, 4-сынып оқушысы Серік Нұрмұхаммед Нұржанұлы және 2-сынып оқушысы Серік Алида Нұржанқызы қатысты.
Отбасы мүшелері қалдық материалдарды пайдалана отырып, ерекше шығармашылық туынды әзірледі. Жобаның басты мақсаты — пайдаланылған заттарға екінші өмір сыйлау, оларды тиімді қолдану жолдарын көрсету және табиғатты қорғаудың маңызын насихаттау.
«Эко wow» жұмысы балалардың қиялын дамытып, ізденімпаздыққа, үнемшілдікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді. Сонымен қатар бұл жоба ана мен баланың бірлескен еңбегін, отбасылық ынтымақтастықты және шығармашылық әлеуетті көрсетеді.
Осындай бастамалар жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғи ресурстарды бағалауға және қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілігін қалыптастырады.
«Эко wow» — қарапайым қалдықтардың өзінен ерекше туынды жасауға болатынын дәлелдейтін шығармашылық жоба!








