«Батырдың есімі – ұрпақтар күші»

    1 / 6

    2026 жылғы 12 қазанда «Батыр арена» спорт залында Кеңес Одағының Батыры Егор Андреевич Хачиннің құрметіне арналған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы еркін күрестен 55-ші Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Турнирге Қазақстан, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы және Қырғыз Республикасынан командалары қатысты. Бұл күні Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивінің қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры Егор Андреевич Хачиннің, сондай-ақ Жітіқара ауданының Құрметті азаматы, еркін күрестен жаттықтырушы Николай Васильевич Балобановтың жеке тектік қорларындағы түпнұсқа құжаттардан тұратын экспозиция ұйымдастырды. Турнирге қатысушылар мен қонақтардың назарына олардың марапаттау құжаттары, грамоталары мен жеке фотосуреттері ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жітіқара ауданының әкімдігі" жаңалықтары