«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды.
2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 119 279 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 31,00 млн аса АҚШ доллары, ал 50 877 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 13,83 млн АҚШ доллары аударылды.
Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шottарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетti нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады.
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды
Ұқсас материалдар

Қазақстан Қарулы күштері үшін 200-ден астам әскери дәрігер даярланып жатыр
ҚР ҚМАшу
15 қазанда Әуезов ауданы әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтеді
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
🔹️АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Мәртөк ауданы әкімдігіАшу
Қарақия ауданында алдағы сайлауға дайындық мәселелері талқыланды
Қарақия ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан мен Бельгия білім беру мен ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіАшу
""Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
"Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" ММАшу
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды
"Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" ММАшу
БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен шартты бұзу туралы еске салады БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Halyk Global Markets» АҚ-ға зейнетақы активтерін басқаруға беру бойынша жаңа өтініштер қабылданбайтынын еске салады. Бұл шешім компанияның БЖЗҚ-мен жасалған шартты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өз бастамасымен бұзу туралы хабарлама жіберуіне байланысты қабылданды. Бұған дейін «Halyk Global Markets»
"Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" ММАшу
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясындағы нысаналы жинақтар төлемі 67,8 млн АҚШ долларына жетті
"Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" ММАшу
Зейнетақы жинақтарын тұрақты қалыптастырып жүрген қазақстандықтардың саны артып келеді
"Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы әкімінің аппараты" ММАшу