Құрманғазы оркестрінің Cinema Hits атты концерті өтті

    1 / 4

    Алматыдағы Almaty Theatre сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің Cinema Hits концерті өтті. Кеште қазақстандық және шетелдік фильмдердегі көпшілікке танымал музыкалық шығармалар орындалды.

    Концерт барысында «Көшпенділер», «Мұстафа Шоқай», «Перекрёсток» отандық фильмдерінің әуендері шырқалды. Бағдарламаға «Гладиатор», «Темір адам», «Кек алушылар», «Формула-1», «Хатико» фильмдері мен «Спрут» телехикаясының музыкасы да енгізілді.

    Кеш режиссер Абдолла Қарсақбаевтың туғанына 100 жыл және актриса Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына арналған бағдарламамен жалғасты. Сахнада қазақ киносының алтын қорына енген «Қыз Жібек» және «Менің атым Қожа» фильмдеріндегі әуендер шырқалды.

    Концертке Карина Абдуллина, Ұшқын Жамалбек, «Овощи и фрукты» тобы, П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттер хоры, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлері және «Sarmat» хореографиялық ансамблі қатысты.

    Cinema Hits жобасы арқылы оркестр түрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды ұлттық аспапта орындап, тыңдарманға жаңаша ұсынып келеді. Жоба концерттік бағдарламаларды ерекше форматта өткізуге және қазақ өнерін көпшілікке танытуға бағытталған.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары