«Ақтау теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні өтті

    «Ақтау теңіз порты» Мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілерге арналған Ашық есік күні өтті.

    Іс-шара барысында басқарма мамандары өзекті салық мәселелері бойынша түсіндірме берді, салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерді талқылады және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

    Салық төлеушілер өздерін қызықтыратын тақырыптар бойынша жеке кеңес алып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібімен танысты. Сондай-ақ қатысушыларға электрондық сервистер мен онлайн-консультация мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

    Мұндай кездесулер салық сауаттылығын арттыру, салық төлеушілермен ашық диалог орнату және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.

    заң_мен_тәртіп #закон_и_порядок

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары