Қарақия ауданының Құрық ауылында салық сауаттылығын арттыру, заңнамадағы өзгерістер туралы уақтылы ақпарат беру және мемлекеттік органдармен конструктивті диалогты нығайту аясында Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мен Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының қызметкерлері салық төлеушілер және бизнес-қауымдастық өкілдерімен кеңейтілген кездесу өткізді.
Кездесу барысында салық заңнамасы мен салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жаңалықтары қаралды.
Қатысушылар салық нормаларын практикада қолдану аспектілерін, салық органдарымен өзара іс-қимыл тәртібін және бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған шараларды талқылады.
Сонымен қатар, жеке консультациялық кездесу ұйымдастырылып, оның барысында салық төлеушілер салық заңнамасын қолдану, салық есебін жүргізу және салық міндеттемелерін орындау жөніндегі жеке сұрақтары бойынша түсіндірмелер алды.









