Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Тауарды шығару — соңғы нүкте емес. Кедендік бақылау шығарудан кейін де жалғасады
ЕАЭО Кеден кодексі мен ҚР Кедендік реттеу туралы кодексі бойынша мемлекеттік кірістер органдары мәліметтердің дұрыстығын тауар шығарылғаннан кейін де тексереді.
Мерзім: әдетте 3 жыл (89 және 143-баптар). 5 жыл — салықтық мониторинг, отын-энергетика секторының жер қойнауын пайдаланушылары, уәкілетті экономикалық операторлар және 89-бапта тікелей көрсетілген жағдайлар үшін.
Не тексеріледі:
— СЭҚ ТН коды
— кедендік құн
— шығарылған елі
— саны мен сипаттамасы
— рәсім шарттары мен төлемдер
Нысандары: камералдық тексеру — бармай; көшпелі — қызмет орны бойынша (416–418-баптар).
Іріктеу — тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша. Құжаттарды сақтаңыз, сұрауға уақтылы жауап беріңіз.







