Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Департамент туралы

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етуге уәкілетті аумақтық органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Салық, төлем

    Төлемдер: - Төлем көзіндегі ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, МӘМС, МЗЖ шарттары бойынша аударымдар - КТС бойынша аванстық төлемдер - Төлем көзіндегі КТС - Мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимі бойынша ЖТС және әлеуметтік төлемдер - Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем - Радиожиілік спектрлерін пайдаланғаны үшін төлем - Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы - Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы - Бірыңғай жалақы салығы

    25 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Салық, төлем

    Салық есептілігі: - 2026 жылғы тамыздағы 328.00 нысаны бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш Төлемдер: - Құрылымдық бөлімшелер үшін акциз + акциз - ЕАЭО шеңберінде импортталған тауарлар бойынша жанама салықтардың сомалары

    21 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Салық есептілігі:

    Салық есептілігі: - 250.00-нысан-активтер мен міндеттемелер туралы декларация - 270.00-нысан-кірістер мен мүлік туралы декларация - 400.00-нысан-акциздер бойынша декларация

    15 қыркүйек 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жұмыс беруші менің жалақымнан жеке табыс салығын (ЖТС) ұстап қалады. Ұсталған ЖТС-ты жұмыс беруші бюджетке қандай мерзімде аударуға міндетті және белгіленген мерзімді бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    Түсіндірме . ҚР Салық кодексінің 440-бабына сәйкес төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша ЖТС-ты салық агенті (жұмыс беруші) кірісті есептеген кезде есептейді. ЖТС кіріс төленген күннен кешіктірілмей ұсталады. Салық агенті ұсталған ЖТС-ты өз орналасқан жері бойынша кіріс төленген ай аяқталғаннан кейін жиырма бес күнтізбелік күннен кешіктірмей бюджетке аударуға міндетті (тәжірибеде — жалақы төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей). Құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің кірістері бойынша ЖТС тиісті бюджеттерге осы бөлімшелердің орналасқан жері бойынша аударылады. Жауаптылық . ӘҚБтК-нің 279-бабының 2-бөлігіне сәйкес салық агентінің ұсталған салық сомаларын белгіленген мерзімде аудармауы немесе толық аудармауы айыппұлға әкеп соғады: - жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 5 АЕК; - орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 10 АЕК; - ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 20 АЕК. Салық агенті соманы өз бетінше анықтап, қосымша салық есептілігінде көрсетіп, есептілік ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетке аударса, әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

    Сұрақ

    Мобильді аударымдардың өзіне салық салына ма?

    Жауап

    Жоқ. Салық салу объектісі — жеке тұлғаның табысы, оны алу тәсілі емес. Егер аударым жеке сипатта болса — туыстарға көмек, туған күнге немесе үйлену тойына сыйлық, қарызды қайтару, мектеп қажеттіліктеріне жинау, ортақ шығындарды өтеу — мұндай түсімдер табыс деп танылмайды және оларға салық салынбайды.

    Сұрақ

    Әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұл есептелді ме?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға өсімпұлды қайда және қалай төлеу керектігін, төлем кезінде неге назар аудару қажеттігін түсіндіреді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға өсімпұлды қалай төлейді? Жағдайыңыз : Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданамын, әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұл есептелді. Өсімпұлды қайда және қалай төлеймін? Әлеуметтік төлемдерді уақтылы немесе толық төлемегені үшін есептелген өсімпұлды мына арналар арқылы төлеуге болады : – екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары (мысалы, Halyk: Төлемдер → Барлық төлемдер → Мемлекеттік төлемдер → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар); – Kaspi.kz (Мемлекеттік қызметтер / Төлемдер → Айыппұл мен салық → Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға аударымдар немесе өсімпұл бойынша жеке төлемдер бөлімі); – «Қазпошта» АҚ бөлімшелері. Есептелген өсімпұл сомасын алдын ала «e-Salyq Business» мобильді қосымшасынан немесе салық төлеуші кабинетінен тексеріңіз. Маңызды . Әлеуметтік төлемдер мен өсімпұл сомасын «e-Salyq Business» қосымшасы арқылы төлеу (есептен шығару) жүргізілмейді. Қосымша чектерді қалыптастыру және міндеттемелерді есептеу үшін пайдаланылады. Өсімпұл төлеген кезде төлемді тағайындау кодын (ТТК) дұрыс көрсету қажет: – 019 — міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша өсімпұл; – 098 — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖБМЗЖ) бойынша өсімпұл; – 017 — әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұл; – 124 — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС) бойынша өсімпұл. Төлем алушы — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ. Еске саламыз : өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаның әлеуметтік төлемдері айлық табыстың 4%-ын құрайды (МЗЖ, ЖБМЗЖ, әлеуметтік аударымдар және МӘМС — әрқайсысы 1%). 1975 жылға дейін туған адамдар ЖБМЗЖ төлемейді. Төлеу мерзімі — табыс алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей. Ай ішінде табыс болмаса, төлем есептелмейді.

    Сұрақ

    Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу, жеңілдіктер және есепке келіспеген жағдайдағы іс-қимыл

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібін, салық төлеуші болып табылмайтын (немесе белгіленген мөлшер шегінде жеңілдігі бар) санаттарды, сондай-ақ есептеудегі алшақтықтар кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндіреді. Тұрғын объектілер бойынша мүлік салығы қалай есептеледі? Жеке тұлғалардың мүлік салығын мемлекеттік кірістер органдары салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есептейді. Тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және өзге құрылыстар бойынша салық базасы — объектінің құны (шекті мөлшерден асқан жағдайда — объектілердің жиынтық құны). Мөлшерлеме объектінің құнына байланысты: құны неғұрлым жоғары болса, қолданылатын мөлшерлеме соғұрлым жоғары (прогрессивті шкала). 2026 жылдан бастап объектілердің жиынтық құнының шекті мөлшерінен асқан жағдайда есептеудің жеке тәртібі қолданылады. Салық есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей есептеледі және сол жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей төленуге тиіс. Мүлік салығы төленбесе не болады? Салық белгіленген мерзімде төленбесе, төлеу мерзімінен кейінгі күннен бастап (1 қазаннан кейін) әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Берешек пайда болған жағдайда салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Хабарламаны орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Берешек сомасы 1 АЕК-тен асса, борышкерге салық бұйрығы жіберіледі. Салық бұйрығын алғаннан кейін де төленбесе, құжаттар сот орындаушыларына жіберіледі. Банк шоттары мен мүлікті арестке алуды қоса алғанда, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін. 2026 жылы 1 АЕК — 4 325 теңге. Жеке тұлғалардың мүлік салығын кім төлемейді? Жеке тұлғалардың мүлік салығының төлеушілері болып табылмайды (ҚР Салық кодексінің 597-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып): Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордені мен «Отан» орденінің иегерлері — Салық кодексінің 599-бабы 1) тармақшасында көрсетілген объектілердің жалпы құнынан 1 000 АЕК (2026 жылы 4 325 000 теңге) шегінде; Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оларға жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар — тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы учаскелер, жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін берілген учаскелер, гараждар алып жатқан учаскелер бойынша; сондай-ақ 599-баптың 1) тармақшасындағы объектілердің жалпы құнынан 1 500 АЕК (2026 жылы 6 487 500 теңге) шегінде; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 18 жасқа толғанға дейін көрсетілген жер учаскелері мен салық салу объектілері бойынша; бала кезінен мүгедектігі бар адамның не мүгедектігі бар баланың ата-анасының біреуі — көрсетілген жер учаскелері бойынша; «Ана-батыр» атағына ие немесе «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналар, сондай-ақ бөлек тұратын зейнеткерлер — тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері мен үй маңындағы учаскелер бойынша; сондай-ақ 599-баптың 1) тармақшасындағы объектілердің жалпы құнынан 1 000 АЕК шегінде. Бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайында тек зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі; жеке кәсіпкерлер — кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша (мемлекеттік кірістер органдары салықты есептейтін тұрғын үйлер мен өзге объектілерді қоспағанда); пәтердің (бөлменің) меншік иесі жеке тұлғалар — көпқабатты тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі үлесі бойынша. Жеңілдікті санаттар туралы мәліметтерді уәкілетті органдар жыл сайын ұсынады және салықты есептеу кезінде ескеріледі. Жеңілдік қолданылмаса, растайтын құжаттармен мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет. Маған мүлік салығы неге есептелді? Салық Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлердің, пәтерлердің, саяжай құрылыстарының, гараждардың, тұрақ орындарының және өзге салық салу объектілерінің меншік иесі болып табылатын жеке тұлғаларға есептеледі. Негізі — объектке меншік құқығы. Салық сомасы өткен жылмен салыстырғанда неге өсті? Соманың өсуі объектінің құнының, алаңының немесе өзге сипаттамаларының өзгеруіне, объект туралы мәліметтердің өзектендірілуіне, сондай-ақ Салық кодексінде көзделген есептік көрсеткіштер мен мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін. Жеңілдігім болса да салық неге есептелді? Жекелеген жағдайларда жеңілдікті санат туралы мәліметтер ақпараттық жүйелерде болмауы немесе есептеу кезінде ескерілмеуі мүмкін. Объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгініп, жеңілдік құқығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Жылжымайтын мүлік объектісін сатсам да салық неге есептелді? Салық объектті нақты иелену кезеңі ескеріле отырып есептеледі. Меншік құқығының тоқтатылғаны туралы мәліметтер түспесе не ескерілмесе, тексеру және түзету үшін мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет. Салық неге басқа меншік иесіне есептелді? Мұндай жағдай меншік иелері туралы мәліметтердегі алшақтықтарда не меншік құқығы өзгергенде туындауы мүмкін. Мәліметтерді тексеру және түзету үшін мемлекеттік кірістер органына жүгіну керек. Есептелген салық сомасына келіспесем қайда жүгінемін? Салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгініп, түзету қажеттігін растайтын құжаттарды (құқық белгілейтін құжаттар, жеңілдік туралы мәліметтер, сатып алу-сату шарттары және т.б.) ұсыну қажет. Есептеулерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында, kgd.gov.kz порталында, екінші деңгейлі банктер мен төлем сервистері арқылы тексеруге және төлеуге болады.

    Сұрақ

    2026 жылдан бастап Бақылау-кассалық чектерге қойылатын талаптар қалай өзгерді?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) чектеріне қойылатын талаптар өзгергенін хабарлайды. Енді әрбір чекте міндетті түрде мыналар көрсетілуі тиіс: - тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы Тауар кодтары номенклатурасына (ТКН) сәйкес; - ТКН бойынша тауардың сәйкестендіру коды; - міндетті маркировкаға жататын тауарлар үшін сәйкестендіру құралдары. Бизнес үшін жақсы жаңалық: ТКН енгізілуіне байланысты процесс жеңілдеді. Енді тауар атауларын қолмен енгізудің қажеті жоқ — штрихкодты сканерлеу жеткілікті, ал ақпарат мемлекеттік деректер базасынан фискалдық деректер операторларының сервистері арқылы автоматты түрде жүктеледі. Назар аударыңыз! Жаңа техникалық талаптарға сәйкес келмейтін және жаңа үлгідегі чектерді қалыптастыра алмайтын БКМ-дер Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімінен шығарылады. Кассалық жабдығыңызды тексеруді және қажет болған жағдайда жаңартуды ұсынамыз. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін чектерді беру әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

    Сұрақ

    Кедендік алымдар төленбейтін жағдайлар?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабына сәйкес кедендік алымдарды төлеуден босатылатынын хабарлайды: - жүктерді, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама пункттерінде пайдалану үшін қажетті немесе осы көлік құралдарының авариясын (бұзылуын) жоюға байланысты шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау нәрселері, керек-жарақтар, отын, азық-түлік және басқа мүлік; - теңіз кәсіпшілігін жүргізетін қазақстандық теңіз кемелерінің немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (жалға алған) теңіз кемелерінің өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерге әкетілетін материалдық-техникалық жабдықтау нәрселері, керек-жарақтар, отын, азық-түлік және басқа мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін олардың кәсіпшілік өнімдері; - ұлттық және шетел валютасының банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылықты білдіретін банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар; - акцизделетін тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін тауарлар; - акцизделетін тауарларды қоспағанда, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық көмек мақсаттарында әкелінетін (медициналық мақсаттарға арнайы арналған жеңіл автомобильдерден басқа) тауарлар; - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерін жасау үшін әкелетін шикізат; - шетелдік дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктердің, консулдық мекемелердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдардың, оған қоса олармен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын отбасы мүшелерінің жеке пайдалануы үшін әкелінетін және әкетілетін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес босатылатын тауарлар; Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттардың қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар босатылады. Тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік декларациялау үшін кедендік алым төленбейді. Осы бапта көрсетілген кедендік алымдар салудан босату үшін құжаттар ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

    Статистика

    Мемлекеттік кіріс органдарының статистикасы

    Мемлекеттік кіріс органдарының статистикасы

    Жарияланды:
    Жоспар

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасындағы салықтық әкімшілендіру

    Салықтық әкімшілендіру – салық органдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақтылы түсуіне жағдай жасауға бағытталған шаралар кешені

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарындағы ақпараттық жүйелер

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілген тәуелсіз IT-аудит нәтижесінде бұрынғы 14 ақпараттық жүйе 5 негізгі заманауи платформаға біріктірілді

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасындағы кедендік әкімшілендіру

    Қазақстан Республикасында кедендік әкімшілендіру Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік кірістер органдары мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді

    Мемлекеттік кірістер органдары (МКК және аумақтық ДКД) мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді: салық төлеушілерді, жеке практикамен айналысатын тұлғаларды және ҚҚС төлеушілерді тіркеу; темекі, этил спирті және алкоголь өндіруге, сақтауға және сатуға лицензия беру; салық есептілігін қабылдау, кері қайтарып алу және тоқтата тұру; кірістер туралы анықтама беру және ҚР резиденттігін растау; салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтер; салықтарды, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару; кедендік рәсімдер (тізілімдер, декларациялар және т.б.). Қызметтердің көпшілігі egov.kz, Салық төлеуші кабинеті және e-Salyq қосымшалары арқылы көрсетіледі.

    Жарияланды: