Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу, жеңілдіктер және есепке келіспеген жағдайдағы іс-қимыл

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу, жеңілдіктер және есепке келіспеген жағдайдағы іс-қимыл

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібін, салық төлеуші болып табылмайтын (немесе белгіленген мөлшер шегінде жеңілдігі бар) санаттарды, сондай-ақ есептеудегі алшақтықтар кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсіндіреді.

    1. Тұрғын объектілер бойынша мүлік салығы қалай есептеледі?

    Жеке тұлғалардың мүлік салығын мемлекеттік кірістер органдары салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есептейді. Тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және өзге құрылыстар бойынша салық базасы — объектінің құны (шекті мөлшерден асқан жағдайда — объектілердің жиынтық құны).

    Мөлшерлеме объектінің құнына байланысты: құны неғұрлым жоғары болса, қолданылатын мөлшерлеме соғұрлым жоғары (прогрессивті шкала). 2026 жылдан бастап объектілердің жиынтық құнының шекті мөлшерінен асқан жағдайда есептеудің жеке тәртібі қолданылады.

    Салық есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей есептеледі және сол жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей төленуге тиіс.

    1. Мүлік салығы төленбесе не болады?

    Салық белгіленген мерзімде төленбесе, төлеу мерзімінен кейінгі күннен бастап (1 қазаннан кейін) әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі.

    Берешек пайда болған жағдайда салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Хабарламаны орындауға 30 жұмыс күні беріледі. Берешек сомасы 1 АЕК-тен асса, борышкерге салық бұйрығы жіберіледі.

    Салық бұйрығын алғаннан кейін де төленбесе, құжаттар сот орындаушыларына жіберіледі. Банк шоттары мен мүлікті арестке алуды қоса алғанда, мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылуы мүмкін.

    2026 жылы 1 АЕК — 4 325 теңге.

    1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын кім төлемейді?

    Жеке тұлғалардың мүлік салығының төлеушілері болып табылмайды (ҚР Салық кодексінің 597-бабында белгіленген шектеулерді ескере отырып):

    Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордені мен «Отан» орденінің иегерлері — Салық кодексінің 599-бабы 1) тармақшасында көрсетілген объектілердің жалпы құнынан 1 000 АЕК (2026 жылы 4 325 000 теңге) шегінде;

    Ұлы Отан соғысының ардагерлері, оларға жеңілдіктері бойынша теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар — тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы учаскелер, жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін берілген учаскелер, гараждар алып жатқан учаскелер бойынша; сондай-ақ 599-баптың 1) тармақшасындағы объектілердің жалпы құнынан 1 500 АЕК (2026 жылы 6 487 500 теңге) шегінде;

    жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар — 18 жасқа толғанға дейін көрсетілген жер учаскелері мен салық салу объектілері бойынша;

    бала кезінен мүгедектігі бар адамның не мүгедектігі бар баланың ата-анасының біреуі — көрсетілген жер учаскелері бойынша;

    «Ана-батыр» атағына ие немесе «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы аналар, сондай-ақ бөлек тұратын зейнеткерлер — тұрғын үй қоры алып жатқан жер учаскелері мен үй маңындағы учаскелер бойынша; сондай-ақ 599-баптың 1) тармақшасындағы объектілердің жалпы құнынан 1 000 АЕК шегінде. Бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайында тек зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі;

    жеке кәсіпкерлер — кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын объектілер бойынша (мемлекеттік кірістер органдары салықты есептейтін тұрғын үйлер мен өзге объектілерді қоспағанда);

    пәтердің (бөлменің) меншік иесі жеке тұлғалар — көпқабатты тұрғын үй алып жатқан жер учаскесіндегі үлесі бойынша.

    Жеңілдікті санаттар туралы мәліметтерді уәкілетті органдар жыл сайын ұсынады және салықты есептеу кезінде ескеріледі. Жеңілдік қолданылмаса, растайтын құжаттармен мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.

    1. Маған мүлік салығы неге есептелді?

    Салық Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлердің, пәтерлердің, саяжай құрылыстарының, гараждардың, тұрақ орындарының және өзге салық салу объектілерінің меншік иесі болып табылатын жеке тұлғаларға есептеледі. Негізі — объектке меншік құқығы.

    1. Салық сомасы өткен жылмен салыстырғанда неге өсті?

    Соманың өсуі объектінің құнының, алаңының немесе өзге сипаттамаларының өзгеруіне, объект туралы мәліметтердің өзектендірілуіне, сондай-ақ Салық кодексінде көзделген есептік көрсеткіштер мен мөлшерлемелердің өзгеруіне байланысты болуы мүмкін.

    1. Жеңілдігім болса да салық неге есептелді?

    Жекелеген жағдайларда жеңілдікті санат туралы мәліметтер ақпараттық жүйелерде болмауы немесе есептеу кезінде ескерілмеуі мүмкін. Объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгініп, жеңілдік құқығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

    1. Жылжымайтын мүлік объектісін сатсам да салық неге есептелді?

    Салық объектті нақты иелену кезеңі ескеріле отырып есептеледі. Меншік құқығының тоқтатылғаны туралы мәліметтер түспесе не ескерілмесе, тексеру және түзету үшін мемлекеттік кірістер органына жүгіну қажет.

    1. Салық неге басқа меншік иесіне есептелді?

    Мұндай жағдай меншік иелері туралы мәліметтердегі алшақтықтарда не меншік құқығы өзгергенде туындауы мүмкін. Мәліметтерді тексеру және түзету үшін мемлекеттік кірістер органына жүгіну керек.

    1. Есептелген салық сомасына келіспесем қайда жүгінемін?

    Салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына жүгініп, түзету қажеттігін растайтын құжаттарды (құқық белгілейтін құжаттар, жеңілдік туралы мәліметтер, сатып алу-сату шарттары және т.б.) ұсыну қажет.

    Есептеулерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында, kgd.gov.kz порталында, екінші деңгейлі банктер мен төлем сервистері арқылы тексеруге және төлеуге болады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұл есептелді ме?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға өсімпұлды қайда және қалай төлеу керектігін, төлем кезінде неге назар аудару қажеттігін түсіндіреді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға өсімпұлды қалай төлейді? Жағдайыңыз: Мен өзін-...

    Сұрақ

    2026 жылдан бастап Бақылау-кассалық чектерге қойылатын талаптар қалай өзгерді?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) чектеріне қойылатын талаптар өзгергенін хабарлайды. Енді әрбір чекте міндетті түрде мыналар көрсетілуі тиіс: - тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы Тауар кодтары...

    Сұрақ

    Кедендік алымдар төленбейтін жағдайлар?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабына сәйкес кедендік алымдарды төлеуден босатылатынын хабарлайды: - жүктерді, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасым...

    Сұрақ

    Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті пәтерді сату кезінде құн өсімінен табыс алынған жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайтынын хабарлайды. Салық пәтерді сатудан түскен барлық сомаға емес, оны сатып алу құны мен сату құны арасындағы оң айыр...

    Сұрақ

    Егер келісімшартта шетел валюталарының бағамдары өзгерген жағдайда теңгемен алынған қарыз сомасын түзету көзделсе, онда бұл салық салуда қалай көрінеді?

    Жауап

    Жауап Қазір қолданыстағы Салық кодексінде бұл мәселе көрсетілмеген және әртүрлі түсіндірмелер тудырады, соның ішінде салықтық бақылау нәтижелері бойынша мұндай сомалар сыйақы ретінде танылады. Жаңа Салық кодексінде осы мәселе бойынша жекелеген нормалар көзделген. Осылайша, валюта...

    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде Әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер жөніндегі қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. 2026 жылдан бастап мұндай кірістерге қалай салық салынады?

    Жауап

    Жауап: Жаңа Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түскен кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпы тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде...

    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде КТС қандай ставкалары қарастырылған?

    Жауап

    Жауап: КТС базалық мөлшерлемесі 20% деңгейінде сақталады. Кәсіпкерлік субъектілеріне кредит беру жөніндегі қызметті қоспағанда, банк секторы үшін мөлшерлеме 25% -. құрайды (20%). Бұл ретте екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын банк қызметі бойынша салық салынатын табысты айқы...

    Сұрақ

    Салықтық тексеруге қалай дайындалу керек?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді: уақтылы дайындық – сабырлылық пен ашықтықтың кепілі.Салық есептілігін тексеріңіз – ішкі аудит жүргізіңізЕсеп саясаты мен құжаттарды жаңартыңызЗаңнамадағы өзгерістерді бақылап отырыңызБухгалтерлер мен заңгерлерд...