Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    Сұрақ

    Қазақстанда пәтерді сату кезінде салық төлеу қажет пе?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті пәтерді сату кезінде құн өсімінен табыс алынған жағдайда жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу міндеті туындайтынын хабарлайды.

    Салық пәтерді сатудан түскен барлық сомаға емес, оны сатып алу құны мен сату құны арасындағы оң айырмаға есептеледі.

    2026 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған жылжымайтын мүлік объектілері бойынша меншік құқығында бір жылдан астам болған жағдайда салық салудан босату қолданылады.

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сатып алынған объектілер бойынша салық салудан босату үшін ең төменгі меншік мерзімі – екі жылдан астам.

    Егер көрсетілген меншік мерзімі сақталса, пәтерді сату кезінде (заңнамада көзделген өзге де негіздер болмаған жағдайда) жеке табыс салығы туындамайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жұмыс беруші менің жалақымнан жеке табыс салығын (ЖТС) ұстап қалады. Ұсталған ЖТС-ты жұмыс беруші бюджетке қандай мерзімде аударуға міндетті және белгіленген мерзімді бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    Түсіндірме. ҚР Салық кодексінің 440-бабына сәйкес төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша ЖТС-ты салық агенті (жұмыс беруші) кірісті есептеген кезде есептейді. ЖТС кіріс төленген күннен кешіктірілмей ұсталады. Салық агенті ұсталған ЖТС-ты өз орналасқан жері бойынша кіріс т...

    Сұрақ

    Мобильді аударымдардың өзіне салық салына ма?

    Жауап

    Жоқ. Салық салу объектісі — жеке тұлғаның табысы, оны алу тәсілі емес. Егер аударым жеке сипатта болса — туыстарға көмек, туған күнге немесе үйлену тойына сыйлық, қарызды қайтару, мектеп қажеттіліктеріне жинау, ортақ шығындарды өтеу — мұндай түсімдер табыс деп танылмайды және ола...

    Сұрақ

    Әлеуметтік төлемдер бойынша өсімпұл есептелді ме?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға өсімпұлды қайда және қалай төлеу керектігін, төлем кезінде неге назар аудару қажеттігін түсіндіреді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға өсімпұлды қалай төлейді? Жағдайыңыз: Мен өзін-...

    Сұрақ

    Жеке тұлғалардың мүлік салығы: есептеу, жеңілдіктер және есепке келіспеген жағдайдағы іс-қимыл

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібін, салық төлеуші болып табылмайтын (немесе белгіленген мөлшер шегінде жеңілдігі бар) санаттарды, сондай-ақ есептеудегі алшақтықтар кезіндегі іс-қимыл тәртібін түсінд...

    Сұрақ

    2026 жылдан бастап Бақылау-кассалық чектерге қойылатын талаптар қалай өзгерді?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдан бастап бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) чектеріне қойылатын талаптар өзгергенін хабарлайды. Енді әрбір чекте міндетті түрде мыналар көрсетілуі тиіс: - тауардың, жұмыстың немесе қызметтің атауы Тауар кодтары...

    Сұрақ

    Кедендік алымдар төленбейтін жағдайлар?

    Жауап

    Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 80-бабына сәйкес кедендік алымдарды төлеуден босатылатынын хабарлайды: - жүктерді, багажды және жолаушыларды тұрақты халықаралық тасым...

    Сұрақ

    Егер келісімшартта шетел валюталарының бағамдары өзгерген жағдайда теңгемен алынған қарыз сомасын түзету көзделсе, онда бұл салық салуда қалай көрінеді?

    Жауап

    Жауап Қазір қолданыстағы Салық кодексінде бұл мәселе көрсетілмеген және әртүрлі түсіндірмелер тудырады, соның ішінде салықтық бақылау нәтижелері бойынша мұндай сомалар сыйақы ретінде танылады. Жаңа Салық кодексінде осы мәселе бойынша жекелеген нормалар көзделген. Осылайша, валюта...

    Сұрақ

    Жаңа Салық кодексінде Әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер жөніндегі қолданыстағы Салық кодексінің 239-бабына ұқсас бап жоқ. 2026 жылдан бастап мұндай кірістерге қалай салық салынады?

    Жауап

    Жауап: Жаңа Салық кодексінде жекелеген нормалар жоқ және әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түскен кірістер бойынша жеке салық есебі көзделмейді, тиісінше салық салудың жалпы тәртібі қолданылады. Яғни, әлеуметтік сала объектілерін пайдаланудан түсетін кірістер болған кезде...