Азаматтар қырағылық танытып, әлеуметтік желілер мен интернетте таралатын діни сипаттағы ақпаратқа сыни тұрғыдан қарауы қажет.
Күмәнді ақпарат көздеріне сенуге, жабық топтарға қосылуға, сондай-ақ психологиялық ықпал ету немесе радикалды діни ұйымдардың қызметіне тарту әрекеттеріне жол бермеу қажет.
Осы мақсатта Шымкентте «Сақ бол: деструктивті ұйымдар» тақырыбында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді.
Түсіндіру жұмыстары «Жабық базар», «Самал», «Жаңа Шаһар», «Алаш», «Акбар», «Айна» базарларының аумағында, сондай-ақ Шәмші Қалдаяқов атындағы саябақта жүргізілді.
Кездесулер барысында азаматтарға радикалды діни ұйымдардың негізгі белгілері, психологиялық ықпал ету тәсілдері, оның ішінде әлеуметтік желілер мен интернет арқылы жүзеге асырылатын әдістер түсіндірілді.
Діни ақпаратты тек ресми тексерілген дереккөздерден алудың, заңнамаларды сақтаудың, арандатушылық әрекеттер мен радикалды үндеулерге бой алдырмаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға «Сақ бол: деструктивті ұйымдар» атты ақпараттық брошюралар таратылды.
Жүргізілген жұмыстар діни экстремизмнің алдын алуға, халықтың діни және құқықтық сауаттылығын арттыруға, радикалды идеологияға қарсы тұруға және қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған.
Қырағы болыңыз! Ақпаратты тексеріңіз!
Материал Шымкент қ. ТҚК ақпараты негізінде дайындалды









