«Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі туралы Пресс-релиз

    1 / 6

    10 қазанда Қарағанды қаласындағы Әшімов көшесінде орналасқан Жаңа алаңда «Дала дәмі» атты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға облыстың жеті ауданынан келген 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен Қарағанды және Шахтинск қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты. Жәрмеңке аясында азық-түлік өнімдері орташа нарықтық бағадан 10–15 пайызға төмен бағамен ұсынылды.

    Тұтынушылар назарына жалпы көлемі 450 тоннадан асатын ауыл шаруашылығы өнімдері шығарылды. Атап айтқанда, 52 тонна ет, 240 тонна картоп, 110 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімі, 9 тонна балық өнімі, 170 мың дана жұмыртқа және 20 тонна басқа да азық-түлік сатылымға қойылды.

    «Дала дәмі» жәрмеңкесі тұрғындарға сапалы әрі балғын өнімдерді делдалсыз, тікелей өндірушілерден тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай шаралар жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдің аграрлық саласын дамытуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары