Қарағандыдағы Әшімов көшесінде орналасқан Жаңа алаңда «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге облыстың жеті ауданынан 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, сондай-ақ Қарағанды мен Шахтинск қалаларының өңдеуші кәсіпорындары қатысты.
Тұрғындарға 450 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды. Сөрелерден ет, картоп, көкөніс, сүт және балық өнімдерін, жұмыртқа мен басқа да азық-түлік түрлерін табуға болды. Өнімдер нарықтағы орташа бағадан 10–15%-ға төмен бағамен сатылды.
Жәрмеңке тұрғындарға сапалы өнімді делдалсыз, тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай шаралар жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға және өңірдің аграрлық саласын дамытуға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








