Қарағандыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды

    Қала тұрғындарына ет, сүт және балық өнімдері, жұмыртқа және басқа да тауарлар нарықтағы орташа бағадан 10–15 пайызға төмен бағамен ұсынылуда.

    Жәрмеңкеге қаланың 7 ауылдық округінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және Қарағанды қаласынан 8 тауар өндіруші қатысып отыр.

    Бір күнде барлығы 10 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылды:
    — 5 тонна ет өнімдері;
    — 2 тонна сүт өнімдері;
    — 1 тонна балық өнімдері;
    — 50 мың дана тауық жұмыртқасы;
    — 2 тонна басқа да өнімдер.

    Жәрмеңкелер жергілікті өндірушілерге өз өнімдерін тікелей қала тұрғындарына ұсынуға, ал тұрғындарға сапалы өнімді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" жаңалықтары