Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Премьер-министрімен және Құрылтай төрағасымен ҚР Конституциясының 5-ші бап, 88-ші тармағына сай кеңес өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату» туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оған дайындық жүргізу және сайлауды өткізу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Үкіметке, сондай-ақ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне сайлауға ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық тұрғыдан дайындықты қамтамасыз ету міндеттелді.
Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.









