Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр

    Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, оңалту және инклюзивті орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне орай қаладағы әлеуметтік орталықтарда мерекелік кездесулер, концерттер, дөңгелек үстелдер мен қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды.

    Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр

    Қарағандыда мүгедектігі бар 25 412 адам тұрады. Оның ішінде 2 940-ы – балалар.

    Биылғы қазан айындағы мәлімет бойынша:

    * 10 009 адам оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етілді;

    * 4 817 адам санаторий-курорттық ем қабылдады;

    * 1 300 адам жеке көмекшінің қызметін пайдаланды;

    * 408 адам ымдау тілі маманының көмегіне жүгінді.

    Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күніне орай қаланың 25 040 тұрғынына біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Мүгедектігі бар балаларға – 43 250 теңгеден, ал мүгедектігі бар ересектерге 21 625 теңгеден төленді.

    Қолжетімді әрі инклюзивті орта қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Қалада бес әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар – Bizben Birge Bol интеграциялық орталығы, TenQogam әлеуметтік бейімдеу орталығы, «Қамқорлық. Байланыс. Даму» әлеуметтік сүйемелдеу орталығы, мүгедектігі бар адамдарды баспалдақпен көтеріп-түсіру қызметі және иппотерапия.

    Даму ерекшеліктері бар үш жасқа дейінгі балаларға ерте қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді. Оның аясында 312 бала кешенді түзету-дамыту және психологиялық-педагогикалық көмек алып жүр.

    Көлік қызметтерінің қолжетімділігін арттыру жұмыстары да жалғасуда. Қазір инватакси қызметін 1 500-ден астам адам пайдаланады. Олардың 842-сі – мүгедектігі бар балалар.

    Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарды қолдау және қолжетімді, инклюзивті орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

    Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары