Қарағандылық жас дроншы Түркиядағы World Drone Cup жарысына үшінші рет қатысты

    Қарағанды қаласының 13 жастағы тұрғыны Тимофей Муравьев әлемдегі FPV-дрон жарыстарының ең беделді халықаралық додаларының бірі – World Drone Cup жарысына қатарынан үшінші рет қатысты. Биыл ол 24 елден келген 32 үздік ұшқыштың арасында WDC 2026 бәсекесінде Қазақстан атынан өнер көрсеткен жалғыз қатысушы болды.

    Қарағандылық жас дроншы Түркиядағы World Drone Cup жарысына үшінші рет қатысты

    Жарыс Түркияның Шанлыурфа қаласында авиация, ғарыш және технологияларға арналған әлемдегі ең ірі ашық аспан астындағы фестивальдердің бірі – TEKNOFEST аясында өтті.

    Қарағандылық жас дроншы Түркиядағы World Drone Cup жарысына үшінші рет қатысты

    Бірнеше күн бойы мұнда әуе шоулары, технологиялық көрмелер мен түрлі бағыттағы үздік мамандар бас қосатын халықаралық жарыстар ұйымдастырылады.

    Қарағандылық жас дроншы Түркиядағы World Drone Cup жарысына үшінші рет қатысты

    FPV-дрон ұшқыштары үшін басты дода алаңы – World Drone Cup жарыс жолы. Мұнда секундтың үлесі шешуші рөл атқарады: күрделі учаскеде жіберілген бір қателік келесі кезеңге өту мүмкіндігінен айыруы мүмкін. Қатысушылар дрондарды барынша жоғары жылдамдықпен басқара отырып, қақпалар мен түрлі кедергілерден өтеді. Мұндай жарыста лезде шешім қабылдау, дәлдік және қызу бәсеке кезінде дронды сенімді басқара білу аса маңызды.

    Қарағандылық жас дроншы Түркиядағы World Drone Cup жарысына үшінші рет қатысты

    Алайда әлемдік додаға қатысу үшін алдымен іріктеуден өтіп, жарысты ұйымдастырушылардың шақыруын алу қажет.

    Қарағандылық жас дроншы Түркиядағы World Drone Cup жарысына үшінші рет қатысты

    — World Drone Cup жарысына шақырту алу – еліңді халықаралық аренада таныстырып, әлемдегі үздік FPV-ұшқыштардың бірі атану үшін бақ сынауға берілген мүмкіндік. Мұның артында көп жылғы жаттығу, спорттық жетістіктер мен халықаралық деңгейдегі мойындау тұр. Әлемнің үздік ұшқыштары арасында Қазақстанның намысын қорғау – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік, – дейді Тимофейдің әкесі Сергей Муравьев.

    Қарағандылық жас дроншы Түркиядағы World Drone Cup жарысына үшінші рет қатысты

    Әлемдік жарыс жолына шығудың өзі ұшқыштың шеберлігі мен осыған дейінгі жетістіктерінің мойындалғанын көрсетеді.

    Қарағандылық жас дроншы Түркиядағы World Drone Cup жарысына үшінші рет қатысты

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары